Жалақы — Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халықтың табысын арттыру — бүкіл үкімет жұмысының басым бағыты екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр айтуынша, еліміздегі бір миллионаннан астам азамат жоғарғы жалақы алады екен.
«2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл шамамен 1,3 миллион адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметшіге тікелей әсер етті. Маусым айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін ұлғайды. 1 млн-нан астам азаматтық қызметші жоғары жалақы алды. Қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрады», – деді Нұрымбетов.
Бұған қоса шенеунік 2020 жыл басталғалы бері президент бұйрығын орындау мақсатында мәдениет және мұрағат қызметкерлерінің, мұғалімдердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы тағы да орта есеппен 30 пайызға артқанын атап өтті.
«Сонымен қатар, 2019 жылы 205,6 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам еңбекақысы төмен қызметкердің жалақысын орта есеппен 32,7 пайызға арттыру міндетін өз мойнына алды. Жалақыны көтеру мониторингісі үнемі жүргізіледі», – деді шенеунік.
Бұған дейін Нұрымбетов шетелдегі қандастарымызға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылатыны жайлы айтқан еді.
stan.kz