700-ден астам ардагер Нұр-Сұлтан мен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады

0

Жеңіс күні қарсаңында елімізде ардагерлер туралы жаңа заң қабылданады, заң жобасы парламентке сәуір айына дейін енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның 738 ардагері елорда мен Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аға буынның ерлігін еске алып құрметтеуге, жастарды рухани тәрбиелеуге бағытталғанын айтты.

«Министрлік тарапынан Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында өткізілетін парадқа 738 ардагеріміздің қатысуына жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деді ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқасында.

Сонымен қатар, Нұрымбетов Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер туралы жаңа заң қабылданатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Мен майдангердің ұлы ретінде Жеңіс парадына қуана қатысамын – Тоқаев

Заң жобасы сәуір айына дейін парламент қарауына енгізілмек.



sputniknews.kz