Тоқаев қазақстандықтарды алаңдатып отырған мәселеге қатысты тапсырма берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандықтар жексенбі таңертеңнен бері интернет істемей тұрғанын айтып шағымданған болатын. Түрлі өңір тұрғындары әлеуметтік желілердегі парақшалар жүктелмегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, Қазақстандағы интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді. 

«Мемлекет басшысы барлық ақпарат ресурстарының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазіргі уақытта президент жұмыс сапарымен Германияда жүр.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ақпарат ресурстарының жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады. 

Тағы оқыңыз: «Жеңіл-желпі қарауға болмайды»: Тоқаев маңызды проблеманы қозғады

Еске сала кетсек, 15-16 ақпан күндері қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымдана бастаған еді.

Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

 



sputniknews.kz