Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

0

Қазақстанның бес облысы мен Алматы қаласында қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшысы ауысты. Тиісті жарлыққа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін қол қойды.

polisia.kz сайты хабарлағандай, кадрлық ауыс-түйіс мына өңірлерде болды:

  • Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Алмас Әбжанұлы Шамишев;
  • Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Серік Жақсылықұлы Әбдікәрімов;
  • Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Азамат Әбдіғалиұлы Ізтілеуов;
  • Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Ғазиз Әбікенұлы Тәкешев;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов.

Тағайындалған басшылар бұрын облыстарда қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған. Құқық қорғау органдарында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар.

 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 12 ақпанында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды. Комитеттің бұған дейін басшысы Дархан Қанатбеков 2019 жылы 9 қазанда өз еркімен жұмыстан кету туралы рапорт берді. ҚАЖК басшысының міндетін уақытша оның бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков атқарды.

sputniknews.kz