Қытайда коронавирус құрбандарының саны артып барады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 015 жаңа фактісі анықталып, ауруханадан 744 адам шығарылды, 97 науқас қаза тапты

АЛМАТЫ, 12 ақпан — Sputnik. Қытайда пневмонияның жаңа түрінен 1 113 адам қаза болып, 4 740 науқас емделіп шықты. Ал коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 44,6 мыңға дейін өсті.

«31 провинциядан (аудандар, орталыққа бағынышты қалалар) коронавирустың жаңа түрінен пайда болған пневмония жұқтырудың 44 653 расталған фактісі туралы ақпарат алынды. Бұған қоса, қазіргі таңда 38 800 адам ауырып жатыр, олардың 8 204-і ауыр жағдайда. 4 740 науқас ауруханадан шығарылса, 1 113 азамат көз жұмды», — деп РИА Новости ҚХР мемлекеттік комитетінің мәлімдемесін жариялады.

Атап өтсек, соңғы тәулікте 2 015 коронавирус жұқтырудың жаңа фактісі анықталып, ауруханалардан 744 адам шығарылды. Сондай-ақ, 97 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақ дәрігер Қытайда «Қара жорға» билеп, науқастардың көңілін көтерді — видео

Бұл ретте, ауыр халде жатқан пациенттер саны бір тәулікте 871-ге артқан. Науқастармен тығыз байланыста болған тағы 185 мыңнан астам адам дәрігерлер бақылауында.

Бұған қоса, Гонконгте коронавирус жұқтырудың 49 оқиғасы анықталды, бір азамат мерт болды. Макаода — он инфекция жұқтырған пациент және бір емделген адам, ал Тайваньда 18 науқас жұқтырып, біреуі ауруханадан шығарылды.



sputniknews.kz