Жыл мезгілдері, табиғаттағы құбылыстары, жыл мезгілдері туралы мақалдар

0

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, әр мезгілдің өз ерекшелігін түсіндіру.
Түзете — дамытушылық: балардың ойлауын дамыта отырып, сөздік қорын молайту. Балалардың ұсақ моторикасын, қимыл — қозғалысын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, аялауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қар ұлпалары, жемістер, көкөністер, қорапша, бояу және т. б
Сабақ барысы.
Сәлемдесу
— Сәлеметсіңдер ме балалар!
— Балалар бүгінгі көңіл — күйлерің қалай?
— Балалар бүгін біз жыл мезгілдері жайында әңгімелейтін боламыз.
Жыл мезгілдерімен таныстыру
Бір жылда 4 мезгіл бар екен. Олар: қыс, көктем, жаз, күз.
Жыл мезгілдерінің ішінде ең суық мезгіл ол қыс. Қыста күн суық болып, көп қар жауады, жер ақ түске оранады. Өзен — көлдерге мұз қатады. Адамдар жылы, қалың киімдерін киеді. Мысалы: қалпақ, қолғап, қалың күрте, етік. Балалар қармен ойнап, аққала жасайды, шанамен сырғанайды, шаңғы тебеді. Шыршалар жап — жасыл болып, шырша тойында Аяз ата, ақшақар келеді.

• «Қыс мезгілінің бейнесін құрастыру»
Тапсырма шарты: қыс мезгіліне сәйкес қиылған суреттерді жабыстырып, сөйлем құрастыру.
Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуін жақсарту, сөздік қорын молайту.
• «Қар жинайық» ойыны
Ойын шарты: шашылған қарды таяқшалармен ыдысқа жинау.
Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Қарлар еріп, жерден көк шөптер шығып, жер жасыл түске боялады. Ағаштар бүршік атады. Күн ұзарып, жылынады. Күзде ұшып кеткен құстар қайта оралады. Жауын көп жауып, кемпірқосақ шығады, жерден гүлдер шыға бастайды. Адамдар егін егіп, тал отырғызады. Балалар күн ұзаққа ойнап, көп уақытын далада өткізеді.
• «Көктем мезгілінің бейнесін құрастыру»
Тапсырма шарты: көктем мезгіліне сәйкес қиылған суреттерді жабыстырып, сөйлем құрастыру.
Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуін жақсарту, сөздік қорын молайту.
• «Жаңбыр тамшылары» ойыны
Ойын шарты: суретте бейнеленген жаңбыр тамшыларына жіпті өткізу.
Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Көктемнен соң жаз мезгілі келеді. Жаз өте ыстық мезгіл. Жазда жерде гүлдер көбейіп, қызыл, сары көбелектер гүлді айнала ұшады. Жеміс — жидектер, көкөністер пісе бастайды. Балалар құммен ойнап, суға шомылады, үлкендер балық аулайды.

• «Жаз мезгілінің бейнесін құрастыру»
Тапсырма шарты: жаз мезгіліне сәйкес қиылған суреттерді жабыстырып, сөйлем құрастыру.
Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуін жақсарту, сөздік қорын молайту.
• «Жемістер мен көкөністерді жинайық» ойыны
Ойын шарты: араласқан жемістер мен көкөністерді қорапшадағы өз орнына салу.
Ойын мақсаты: балалардың ойлауын, есте сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту.

Сергіту сәті «Көңілді алаша»
Музыка ырғағымен балаларды сергіту

Жаздан соң күз мезгілі келеді. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, ағаштарда, жерде сары түске оранады. Жауын жиі жауып, адамдар жауында қолдарына қолшатыр, аяқтарына резеңке етік киеді. Көктемде егілген астықтар пісіп, егіншілер егіндерін, астықтарын жинайды. Ауа райы суытып, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Балалар күз мезгілінде мектепке барады.
• «Күз мезгілінің бейнесін құрастыру»
Тапсырма шарты: күз мезгіліне сәйкес қиылған суреттерді жабыстырып, сөйлем құрастыру.
Тапсырма мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуін жақсарту, сөздік қорын молайту.

• «Күзгі ағаш» ойыны
Ойын шарты: суретте бейнеленген ағаштың жапырақтарын саусақпен бояу.
Ойын мақсаты: балалардың түстер жайлы ұғымын қалыптастыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Қорытындылау: балаларды мақтап мадақтау.