Қытайда короновирустан қайтыс болғандар саны 900 адамнан асты
10 ақпанда Қытай билігі короновирустан 908 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Қытайдың денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының мәліметінше, 9 ақпанда 97 адам қайтыс болған. Оның 91-і бір ғана Хубей провинциясында көз жұмған.
Қытайда барлығы 40171 адамға короновирус жұққан. Сенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымы қатерлі ауруға шалдыққандар саны біршама тұрақталғанын хабарлаған еді.
ДДСҰ мәліметінше, Қытайдан өзге 24 елде вирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген адамдар бар. Олардың 300-інде вирус анықталып, бір адам қайтыс болған.
Қытай билігі былтыр желтоқсанның аяғында алғаш рет короновирус туралы хабарлап, қоғамды ескертпек болған дәрігердің өлімінен кейін сынға қалды.
34 жастағы офтальмолог Ли Вэньлян науқсты емдеу кезінде вирус жұқтырып, 7 ақпанда көз жұмған.
Қытай билігі карантин жариялап, инфекцияның таралып кетпеуі үшін ірі қалаларды оқшаулап жатыр.
Бұған қоса, 9 ақпанда Жапонияның Йокогама портында тұрған Diamond Princess лайнеріндегі Украин азаматынан да короновирус анықталған. Украина денсаулық сақтау министлігінің хабарлауынша, ол жергілікті ауруханаға жатқызылған. Енді 14 күн бойы ол жалғыз адамды палатада болады.
3700-ге жуық жолаушысы мен экипаж мүшесі бар лайнерде вирус жұқтырған адам саны 70-тен асқан.