«Арандатушылар бұл мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келді»: Тоқаев жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді — Қазақстан жаңалықтары
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелес туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұзақылық ниетпен топтық төбелес болды. Арандатушылар бұл мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келді. Полиция жағдайды қалыпқа келтірді, ол бақылауға алынды», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті бұзуға кінәлілер жауапқа тартылатын айтты.
7 ақпанда ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. Қақтығыстың себептерін хабарланбады.
Полиция оқиғаны ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап жатыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды ресми ақпараттарға сенуге және қауесеттер мен жалған мәліметтер таратпауға шақырды.
Масанчи ауылы Жамбыл облысында, Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан. Халқы 13 мыңнан асады (2009 жылғы халық санағы бойынша). Масанчи тұрғындарының 90% -ы — дүнгендер, 5% — қазақтар, 5% — орыстар.
stan.kz