ІІМ ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға ескерту айтты — Қазақстан жаңалықтары
Ішкі істер министрлігі қолайсыз ауа райында сақтық шараларын сақтауды қатаң түрде ескертеді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті дауыл туралы ескерту хабарламаларын елскеруге және келесі сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
«Қатты желден жер асты өткелдерінде, подъездерде, дүкендерде жасырынуға болады. Билбордтардың, аялдамалардың, ағаштардың, тіректердің артында, үйлердің қабырғаларына тығыла алмайсыз, көпірлерде, жол өтпелерінде, жанғыш және улы заттарды сақтайтын жерлерде, шатырларда папналауғаболмайды. Электр желілері астында тұрмаңыз, сынған сымдарға қол тигізбеңіз.
— Көлік құралдарын ағаштардың, билбордтардың, электр сымдарының астына қоймаңыз.
— Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз, қажет болған жағдайда балаларға, мүгедектерге, қарт адамдар мен зардап шеккендерге көмек көрсетіңіз.
— Ауылдық жерлерде тұратын адамдар үшін, ауа райы нашар болған жағдайда, олар ұзақ қашықтыққа жаяу барудан аулақ болу керек.
Тоғыз облыста және Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланды.
Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта жаңбыр жауады, қар, көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батысқа ауысқан оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын жауады — жаңбыр, қар, көктайғақ, боран. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде секундына 15-20 метр. 8-9 ақпанда түнде температура 10-20 аязға дейін күрт төмендейді. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайызды құрайды.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі — жаңбыр, қар, көктайғақ, боран. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Қызылорда облысында тұман күтіледі. Жел секундына 15-20 метр.
Павлодар облысында қар жауады, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Құтқару қызметінің нөмірі — 112.
stan.kz