шетелдіктер Мәскеуде нені мақтайды, нені ұнатпайды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

World Travel Awards сыйлығының лауреаты Мәскеу шетелдік қонақтарға ұнайды, дегенмен ұнамайтын тұстары да бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Ағылшынша сөйлеу – еш проблема жоқ, дәмді тамақ жеу – оп-оңай, ал метрода таң қалатын нәрсе көп (бастысы қарбалас сәтке тап болмау керек), делінген РИА Новости материалында.

Кім ағылшын, кім грек тілінде сөйлейді

«Мен мәскеуліктердің «сіз ағылшынша сөйлейсіз бе?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап беріп жатқанына бірнеше рет куә болдым. Бірақ одан кейін өте жақсы деңгейде сөйлесетін! – деп әңгімелейді австралиялық Таня Симпсон. – Дегенмен мен сыпайы боп көріну үшін «сәлеметсіз бе», «мархабат», «рақмет», «жоқ» және «иә» деген сөздерді орысша айтатынмын.

Германиядан келген Поль ағылшын тіліндегі белгілер барлық жерде бар дейді. Сол себептен жолды табу оңай. «Ал ресейлік саяхатшылар Лондон, Париж немесе Германияда кириллицаны іздей ме екен?», — деп сұрақ қойды ол.

Тағы оқыңыз: «Абай» операсы Мәскеудегі Үлкен театрда сахналанады

Десек те, гид-аудармашы Елена Бреустің айтуынша, туристер орталықтан тыс жерде орналасқан аумақтарда навигацияның жоқтығына шағымданады.

Ал кейбіреулерге ағылшынсыз да Мәскеуде қиын емес екен. Мысалы, Елена Савинаның айтуынша, мектепте грек тілін оқыған италиялықтар тез үйреніп, жазуларды оқи бастайды екен.

Жерастымен жүру

Меймандар үшін бағдарламаның міндетті тармағы — астананың жерасты: тарихи станциялар, өрнекті панно, тамаша аспашамдар. «Мен өз қамқорлығымдағы адамдарға Мәскеу метросындағы түнел диаметрі Спасск мұнарасындағы куранттар циферблатының көлеміне сәйкес келетінін еске салып отырамын, — деп әңгімеледі гид-аудармашы Мария Сорокина. – Бұндай сәттер шетелдіктерге әрдайым қызықты. Бұл Мәскеу Кремлі құрылыстарының пропорцияларын көз алдыға елестетуге мүмкіндік береді.

АҚШ-тан келген Питер МакДональд Quora білім алмасу туристік сервисінде «метро мен электричкалар – қарбалас кезде тозаққа айналады» деп жазған екен. «Бір күні мен шамамен 20 минут бойы иіліп, бір аяқпен тұрып келдім», — деп америкалық азамат Мәскеуден алған әсерімен бөлісіпті.

Бұған қоса, шетелдіктерді қарбалас емес кезде жолаушылардың бір-біріне орын беретіні таң қалдырады.

«Оларға Мәскеу тұрғындарының қарт адамдарға орын беретіні ұнайды. Мысалы, Италияда бұл сирек кездесетін жайт екен», — деп атап өтті гидтер.

Сондай-ақ, шетелдіктер Мәскеудің жер үстіндегі жолдары, қауіпсіздігі, тамағы мен басқа да көрікті орындарына қызыға қарайды, десек те кемшіліктерін де айтуға ұмытпайды.



sputniknews.kz