Дональд Трамп АҚШ Конгресінде жыл сайынғы халыққа үндеуін жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте «Елдегі жағдай туралы» жыл сайынғы халыққа жолдауын жасады. Ақ үйдің басшысы президенттік қызметтегі үш жылдық жұмысын қорытындылады.
Негізінен Трамп экономикалық жетістіктер туралы баяндады, оған қоса сыртқы саясатқа ерекше назар аударды. Жиында қолайсыздау бір оқиға да болды: Трамп АҚШ Конгресі өкілдер палатасының басшысы Нэнси Пелосимен қол алысқан жоқ, бұған жауап ретінде Пелоси президенттің сөйлеген сөзінің көшірмесін жұрттың көзінше жыртып тастады.
Оқи отырыңыз: АҚШ мемлекеттік хатшысы Назарбаевқа Трамптың сәлемін жеткізді
Жолдауда АҚШ президенті өзінің үш жылдық жұмысына жоғары баға берді. Әрі «Американы қалай қайта мықты мемлекетке айналдырғаны» жайлы баяндады. Толығығырақ Sputnik Қазақстанның видеосынан көріңіз.
sputniknews.kz