Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта қатынасы тоқтатылды — Қазақстан жаңалықтары
Қытайл тарапының бастамасымен Қазақстан мен қытай арасындағы авто, әуе және теміржол арқылы іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазпочта» ұйымының жарнама және PR департаментінің директоры Дилара Зарлықова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
Қазақстандық пошта қызметкері ДДСҰ-ның зат арқылы коронавирусты жұқтыру мүмкін емес деп айтқанын алға тартты. Инфекция тудыратын вирус ағзадан тыс өмір сүре алмайды, сол себепті ауруды жұқтыру қаупі мүлдем жоқ.
«Қытай тарапының бастауымен авто, әуе және теміржол арқылы Қазақстан мен Қытай арасында іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты «Қазпочта» Қытайға және Қытай елі арқылы Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолстан, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань мемлекеттеріне поштамен жіберілетін барлық заттардың тасымалы іске асырылмайды», — деп жазыпты Дилара Зарлықова.
Естеріңізге салайық, бұған дейін мемлекетіміз бен Қытай арасындағы әуе қатынастарыы да уақытша жабылған еді. Бұл жағдай аспан асты елінде жаппай таралып жатқан жұқпалы індетке байланысты іске асырылып отырған шара.
stan.kz