Түркістан облысында әкім кабинетінде масқара болды
Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетіне игі жақсыларды жиып, карта ойнағаны әшкере болды
НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында ауыл әкімі кабинетінде карта ойнаймын деп масқара болды. Болған жайтты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырған шенеунік тәртіптік жазаға тартылып жатыр.
«Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі», — дейді видео авторы.
Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетіне игі жақсыларды жиып, жұмыстан бір сәт сергиін деді ме, әлде бар шаруасын бітіріп тастады ма, әйтеуір қызу ойынға кірісіпті. Салдарынан ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты, деп хабарлады КТК.
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сияқты. «Валетті ұстаймын» деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.
sputniknews.kz