Жартастан ойылған тарих. Қырым шіркеулері несімен атақты
Қысқа сілтеме алу
Қырым храмдары ерекше болып көрінеді. Олар жартастарда салынған немесе жартастың өзінен ойылып жасалған
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Храмдардың көбі революциялар, соғыстар және кеңес билігі жылдары кезінде көп зардап шекті. Дегенмен оларды сақтап, қалпына келтіру мүмкін болды. Түбектің ең қызықты шіркеулері мен монастырлары туралы РИА Новости материалынан оқыңыздар.
Херсонестегі жерасты храм-кесенесі
Бұл храм Қырымның оңтүстік-батыс жағалауындағы ежелгі грек полисі — Херсонестегі ең көне христиан сәулет ескерткіші саналады. Археологтер оның нақты жасын атауға қиналып отыр, бірақ ол V ғасырдан кейін салынған деген болжам жасалуда.
Ғалымдар ол жерде жерасты (VI–VII ғасырлар) және жерүсті (XII–XV ғасырлар) шіркеулер болғанын анықтады. Сол жерде оларды байланыстыратын баспалдақ пен жоғарғы құрылыс іргетасы жартылай сақталған.
Кеңес археологі Анатолий Якобсон жер астында қаланың атақты тұрғыны жерленген деп есептеген. Бұған қоса, ол IV ғасырда бұл орындарға Қырым азапталушысы әрі ағартушысы Василий Херсонесский келді деген болжамды жоққа шығармады.
Тағы оқыңыз: Мешіттер әлемдегі мәдени нысандардың үздік ондығына енді
Аңызға сәйкес, бұл әулие жергілікті князьдардың бірінің ұлын тірілтіп алған. 309 жылы Рим императоры Максимилиан Галерийдің бұйрығы бойынша уағызшы ұсталып, тас және таяқпен өлгенше соққыға жығылған.
Ежелгі храм «Херсонес Таврический» музей-қорығы аумағында орналасқан. Бұл жерге экскурсиямен немесе жеке баруға болады. Тәжірибелі саяхатшылар осы орынға бір күн арнауға кеңес береді.
Қырым көркін келтіріп тұрған басқа да шіркеулер бар. Олар — Бахчисарайдағы Успен ерлер монастырі, Симферополдегі әулие Константин мен Елена шіркеуі, Косьмо-Дамианов монастырі, Алмушта маңындағы ханзада Алексей купелі, Форостағы шіркеу және тағы басқа.
sputniknews.kz