Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту жоспарлануда — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне төленетін жәрдемақыны көбейту мәселесін көтеруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту жоспарлануда

«Біз Еңбек министрлігінде бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбейту мәселесін көтергіміз келеді, оны біз бір жылға дейін төлейміз. Біз бір жарым немесе үш жылға дейінгі нұсқаларды қарастырып, есептеп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Біржан Нұрымбетов үкіметтің баспасөз мәслихатында.

«Еңбек министрлігінің мәліметінше, 387 мыңға жуық бүлдіршін бала күтімі бойынша жәрдемақы алады. Олардың көпшілігі әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен айына 15-тен 24 мың теңгеге дейін, жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі. Жалақының шамамен 40 пайызын құрайды, сондықтан біз бұл мәселелерді есептеп жатырмыз және осындай мәселені бастағымыз келеді», — деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы Қазақстанда қайта қарастырылатын болады.

«Бұл санат ерекше қолдауды қажет деп санаймын. Біз мүгедек баланы күтуге жәрдемақы тағайындағымыз келеді. Бүгінгі таңда мүгедек баланы күту үшін қамқоршы ата-аналарына жәрдемақы, сонымен қатар бала кезінен бірінші топтағы мүгедек балаға, ересек адамға күтім жасау қарастырылған. Өмірде бірінші топтағы ересек мүгедектер бар, олар бала кезінен мүгедек емес, бірақ олар да қамқорлықты қажет етеді, мүмкін қосымша жәрдемақы тағайындау дұрыс және қисынды болуы мүмкін. Мұның бәрі министрліктің өз жоспарлары. Үкіметке атқарушы органдармен келісу бойынша ешқандай ұсыныс түскен жоқ», — деді Нұрымбетов.

stan.kz