Лондонда пышақпен шабуылға күдіктіні полиция атып өлтірді

0

Лондонда полиция үш адамды пышақпен жаралаған деген күдікке ілінген жігітке оқ атуға мәжбүр болған. Лондон полициясы бұл оқиғаны «террористік шабуыл» деп атады.

Пышақпен шабуылдан үш адам жараланған, біреуінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Би-би-сидің хабарлауынша, шабуылға күдікті 20 жастағы Судеш Амман биыл қаңтардың аяғында мерзімінен бұрын түрмеден босатылған. Ол терроризмге қатысты іс бойынша үш жыл төрт айға түрмеге қамалып, жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін бостандыққа шыққан.

Ақпаратқа қарағанда, дүкенге кірген ер кісі ондағы адамдарға пышақпен шабуылдаған. Кейін ол көшеде велосипед теуіп бара жатқан әйелге пышақ сұққан. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіге үш рет оқ атып, ол сол жерде мерт болған.

Azattyq