Біртанов Қазақстандағы коронавирус сараптамасы қалай жүргізілетіндігі жайлы айтып берді — Қазақстан жаңалықтары
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, nCoV-2019 жаңа коронавирусының зертханалық диагностикасы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының орталық референс зертханасында (ОРЗ) ДДСҰ мен АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының әдістемесіне сәйкес Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп Real-Time RT-PCR әдісімен жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасына жазды.
Айтуынша, тыныс алу жолдарынан, қақырық, жөтел кезінде бронхтан бөлінетін зат, сондай-ақ қан сарысуы анализге алынады екен. Содан кейін сарапшылар пациенттен алынған сынаманы зертханалық тестілеуден өткізіп, коронавирустың РНК тексереді, бұл короновирустық инфекцияны анықтауға мүмкіндік береді. Барлық процедуралар CDC/ДДСҰ хаттамасына сәйкес диагностикалық жүйе бойынша орындалады.
«Тұмау маусымын ескере отырып, коронавирустың симптомдары байқалған жағдайда, аурудың алдын алу үшін барлық пациенттер тұмауға, ЖРВИ және басқа да коронавирус түрлеріне қарсы қосымша тексеруден өтеді. Науқастардың теріс және оң сынамалары Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ДДСҰ аккредиттелген зертханасының базасында қайта тексеруден өтеді», — деп жазыпты министр.
Диагностиканың соңғы сатысы ретінде сынама ДДСҰ ынтымақтасқан зертханасына қайта жіберіледі.
Коронавирусқа тапсырылған сараптама диагностикадан өткенше пациентті медицина қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстайды және олар медициналық мекемелердің оқшауланған бокстарында болады.
Біртановт қазір ОРЗ базасында коронавирусқа қарсы 100 сынама зерттелді, нәтижесінде вирус жұқтырған адам анықталған жоқ дейді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыға келген екі азамат қаладағы коронавирусты тексеру жұмыстары өте төмен екендігін айтып шағымданған еді. Бейжіңнен келген бойжеткен Алматыда сараптама жасайтын жер іздеп, сандалғанын айтса, АҚШ-тан оралған азамат өзінің қытайлық індетті жұқтырып алғандығын тексертейін десе, емханада ауруды анықтай алмайыз деген көрінеді..
stan.kz