Медбике бес сәбиді морфиймен уламақ болды
Қысқа сілтеме алу
Сәбилердің несебінен морфий табылған, осыдан кейін клиника басшылығы құқық қорғау органдарына хабар берді
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Германияның Ульм қаласында сот бес нәрестенің өміріне қастандық жасады деп айыпталған медбикенің ісін қарады. Ол сәбилерді морфиймен уландырмақ болған, деп хабарлайды New York Times басылымы.
Оқиға былтыр 20 желтоқсанда болды. Ульмнің университеттік клиникасында жатқан бес сәбидің аяқ асты тыныс алуы қиындайды. Дәрігерлер нәрестелерді жансақтау бөлімшесіне аударған, үшеуін жасанды тыныс алдыру аппаратына қосуға тура келді. Абырой болғанда, барлығы да аман қалды.
Дәрігерлер бірнеше апта аурудың себебін анықтауға тырысты. Инфекция күдігі расталған жоқ, алайда сәбилердің несебінен морфий табылды. Осыдан кейін басшылық құқық қорғау органдарына хабар берді.
Полиция қызметкерлері сол түні кезекшілік жасаған екі дәрігер мен төрт медбикеден жауап алды. Кейін жұмыс орныдарын тексеріп шықты. Бір медбикенің шкафынан балаларды емізуге арналған шприц табылды. Ол сәбилерге емшек сүті мен морфийді араластырып берген.
Тағы оқыңыз: Алматы тұрғыны жасырын камера орнатып, пәтерінде не болып жатқанын білді – видео
Тергеу нұсқасы бойынша медбике нәрестелерді әдейі улаған. Олардың өліп кетуі мүмкін екенін де білген. Алайда әйел өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.
Ол сот шешімімен тергеу аяқталғанға дейін түрмеде отырады.
sputniknews.kz