Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Тараз, Түркістан, Маңғыстау
Синоптиктер дүйсенбі күні елдің батысы, солтүстігі мен орталығында жауын-шашынды болатынын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан— Sputnik. Қазгидромет елдің басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсері сезілетінін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, батыста жауын-шашын болады. Солтүстік пен орталықта қар жауады. Тек шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Батыс пен орталықта бұрқасын.
Өңірлердегі ауа райы
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында боран болады. Қызылорда, Павлодар облыстарында да тұман және көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тұман болады. Қарағанды облысында — боран.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тұман түседі. Алматы облысында желдің екпіні секундына 18-23 м/с-ке дейін барады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 3 ақпан күні ар жауады. Түнде ауа температурасы минус 11, күндіз минус 5 градус.
Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық. Түнде плюс 2 градус, күндіз жеті градус нөлден жоғары.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады
Шымкент қаласында плюс 2 градус. Күндіз жаңбыр жауады. Сынап бағанасы жеті градус нөлден жоғары.
sputniknews.kz