Қоршаған ортамен танысу, мүсіндеу, балалақша

0

Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:«Коммуникация» «Шығармашылық»
Бөлім: «Қоршаған ортамен танысу» «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Бұл керемет тастар»
Бағдарламалық міндеттер:
1. Тастың құпиясы туралы білімдерінің қалыптасуына мүмкіндік беру, құрылымын тамашалау, тастарды қасиетіне қарай топтастыру (үлкен, орташа, кішкентай), сырты (тегіс, түрпіленген, бұдыр), салмағы
(жеңіл — ауыр), жүзгіштігі — суға батады.
2. Танымдық қабілеттерін дамыту ізденімпаздық қызметі арқылы ақыл ой, көз өлшемі, логикалық ойлауға мүмкіндік беру:
3. Сөйлеу белсенділігінің деңгейін жоғарлату және сөздік қорын байыту, қолмен сезу қабілетін сөзбен жеткізе алуға үйрету:
4. Таным белсенділігі, проблемалық — зерттеу әрекеттерінің алғашқы дағдыларын дамыту;
5. Өз құрбыларына құрмет білдіру, жанашырлық және көмек ұсыну сезімдерін тәрбиелеу.
ҰОҚ арналған материалдар: интерактивті тақта, табиғи тастар.
Билингвалды компонент: тегіс — гладкий, бұдыр — шершавый,
Барысы:
— Қайырлы күн, балалар! Бәріміз үлкен шеңберге тұрып, қонақтарды қарсы алайық
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Таза ауа жұтайық.
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Жаңа күнді бастайық!
Осы кезде музыка әуенімен бөлмеге ергежейлі кіреді.
Ергежейлі: Сәлеметсіздер ме, балалар мен ергежейлі елінен сендерге келдім.
Тәрбиеші: Ергежейлі сәлеметсің бе. Сен бізге не үшін келдің?
Ергежейлі: Балалар мен сендердің ақылды, ізденімпаз және білгір ме екендеріңді білгім келеді. Сондықтан мен сендермен өте қызықты ойын ойнаймын. Менде қорап бар, оның ішінде сендерге белгісіз зат. Қандай зат екенін білгілерің келе ме?
Аяжан, маған келе ғой.
Ергежейлі балалармен «Сезу қорабы» ойынын ойнайды.
— Кімге қай жер ыңғайлы сол жерде тұруларыңды сұраймын. Қораптың ішінде не бар екенін бала қолын созып сипап білсін, онда не жатқанын және ол зат туралы айтып берсін.
Сендер жауабын тауып алу үшін мен керекті сұрақтарды қоямын.
— Бұл тірі ме? Үлпүлдек пе? (ауыр, жұмсақ, суық па)
Бұл қорапта не жатқанын таба алмадыңдар ма? Онда мен сендерге көмектесемін. Жұмбақтың шешімі қорапта жатыр.
Жұмбақ оқылады:
Өртесең де, ерімейді,
Не тот басып шірімейді.
Өн бойына су сіңбейді,
Ылғал тартып ірімейді.
— Дұрыс бұл тас.
Балаларға көрсету
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, жұмбақтың жауабын таптыңдар. Ергежейлі біздің балалар ақылды екеніне көзің жетті ме?
Ергежейлі: Өте жақсы, балалар, енді экранға назар аударыңдар мен сендерге тастар жайлы бейнесюжет әкелдім.
Ал енді балалардың білімдерін әрі қарай толықтыру үшін біз тастармен зерттеушілік әрекетке көшейік.
— Ергежейлі сен де балалармен, бірге отыра ғой.
— Зерттеуге арналған құралдар бөлмесін зертхана деп атайды. Балалар бәріміз бірге зертханаға жайғасайық.
Балалар ғылымдардың бас киімдерін киіп зерттеулерге кіріседі.
№ 1 тәжірибе
Тастарды түсіне қарай ажырату.
Тәрбиеші: Балалар, тастарға қараңдаршы тастардың түстері қандай?
Шешім:
Тастар түсіне қарай әр түрлі болады.
Схема толтыру:
Мына суреттерге қараңдаршы тастар түрлі — түсті болса осы заттардың қайсына ұқсатуға болады?
Тас — кемпірқосақ
№2 тәжірибе: Тастың қатты немесе жұмсақ екенін анықтау.
Тәрбиеші: 2 тәжірибеге көшеміз. Бір қолымызға тасты, екінші қолымызға қамыр аламыз да екі алақанымызды қысамыз. Егер бір қолымен тасты қыссақ, келесі қолмен қамырды қыссақ. Қандай өзгеріс болады? (балалардың жауабы)
— Қамыр неге өзінің пішінің өзгертті?
— Қамыр жұмсақ және иілгіш?
— Ал тас қандай өзгеріске ұшырады?
— Дұрыс, ешқандай өзгеріс болған жоқ. Тас өзінің пішінін өзгерткен жоқ, өйткені ол қатты зат.
Шешім:
Балалар міне біз тастың тағы бір қасиетін білдік. Ол қатты.
Схема: Мына суреттерге қараңдаршы тастар қатты болса осы заттардың қайсына ұқсатуға болады?
Тас — шеге
№ 3 тәжірибе: Тастың ауыр не жеңіл екендігін анықтау.
3 тәжірибе алдарында тұрған эксперименттік ыдысты тартыңдар да, ол ыдысқа бір уақытта тасты және ағашты салыңдар.
— Не көріп тұрсыңдар?
Шешім:
Ағаш суға батқан жоқ, ал тас болса лезде суға батып кетті
— Ағаш жеңіл, ал тас ауыр.
Схема: Мына суреттерге қараңдаршы тастар ауыр болса осы заттардың қайсына ұқсатуға болады?
Тас — кіртас
№ 4 тәжірибе: Тастың жылу өткізгіш қабілетін анықтау.
3 тәжірибе балалар әрқайсымыз бір тастан алып бетімізге тақап көрейік. Тастың температурасы қандай?
— Суық.
— Енді, тасты алақанға салып уқалаймыз, жылы леп беріп үрлейміз. Сонан соң бетімізге қайра тақаймыз. Не сездік?
Шешім: Тастар жылуды және суықты тартады..
Схема: Мына суреттерге қараңдаршы тастар жылу беретін болса осы заттардың қайсына ұқсатуға болады?
Тас — пеш
Бейне таспадан жанартау туралы жазба көру
№ 5 тәжірибе: «Жанартаудың атылуы.»
Балалар таудың макетін алады оның жанартау шұңқырына сода себеді, сұйық сабын, лимон шырынын кезекпен құйып жанартаудың атылуын бақылайды.
Шешім: Жанартау атылғанда шұңқырдан отты сұйық зат шығады
Схема: Мына суреттерге қараңдаршы тау атылатын болса осы заттардың қайсына ұқсатуға болады?
Тау — Кола
Сергіту сәті:
Қарт тау тұрды қасқиып,
Төбесі көкке жетердей.
Жел де соқты дауылдап,
Жауын да құйды нөсерлей,
Салдардан болған қиналып,
Әр күн сайын, түн сайын үгітіліп жотасы.
Көз жетпес, заңғар биік тау
Қиыршық құмға айналды.
Шеберхана:
Пластилинография арқылы қапталған құмыраны зергерлік тастармен әшекейлеу
Схема: Тас — зергерлік бұйымдар.
Жасалған схема арқылы оқу қызметін қорытындылаймыз.
Тақтада жасалған схема бойынша бір баладан шығып қорытынды жасайды қалған балалар орнында айтады.
Тәрбиеші: Ергежейлі, бүгінгі оқу қызметі саған ұнады ма? Біздің балалар туралы ойың қандай болды?
Ергежейлі: Оқу қызметі өте қызықты өтті, балалардың білімі жоғары екен. Мен де бүгін көп нәрсені білдім. Рахмет сендерге балалар, енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!
Балалар ергежейлімен қоштасады.
Осымен оқу қызметі аяқталады.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Тәжірибелерді тәрбиешінің көмегімен орындайды.
Түсінеді: Тастың түрлі қасиеттері бар екенін біледі.
Қолданады: Заттарды әшекейлегенде тастарды қолданады.

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
«Балдырған» балалар бөбек бақшасы
«Інжу» тобы
Тәрбиеші: Хамитова К. Ф.3