2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 2 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында ғана қар жауады деп күтілуде
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында қар жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Қазгидромет.
Өңірлерде ауа райы қандай болады
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысын түнде және таңертең тұман басады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с, екпіні 27 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде – тұман, жел.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір аймақтарда тұман түседі деп күтілуде.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында тұман және көктайғақ болжанып отыр.
Мегаполистердегі ауа райы
2 ақпанда Нұр-Сұлтанда күн ашық әрі аяз болады. Түнде сынап бағанасы -16 градусқа дейін түседі, күндіз -10 градусты көрсетеді.
Тағы оқыңыз: Ақпан айына арналған ауа райы болжамы
Алматыда күн ашық, түнде +1, күндіз +5 градус жылы.
Шымкентте түнде ауа температурасы 0 градус шамасында. Күндіз +14 градусқа дейін жылынады, ауа райы жауын-шашынсыз.
sputniknews.kz