Қазақстанда оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды
Қысқа сілтеме алу
Алик Шпекбаев барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деп аталатын міндетті пән енгізетін уақыт келді деп есептейді
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев білім бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы өткен жылдың қорытындысын жасап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Осы орайда Шпекбаев жеморлықтың зиянын түсіндіру және адал қоғамды қалыптастыру шараларына баса назар аударды.
«Мәселен, Transparency Kazakhstan-ның қолдауымен жеморлыққа қарсы жазғы мектептер тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Бүгінде ол мектептердің саны 4 мыңға жуықтады», — дейді Шпекбаев.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйектен жаңа пән оқытыла бастайды
«Инфрақұрылым да жасалып жатыр. Адалдық дүкендері мен киоскілері ашылуда. Барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деген міндетті пән енгізетін уақыт келді деп ойлаймын», — деп түйіндеді Шпекбаев.
Оның пікірінше, жаңа пән енгізудің арқасында білім мекемелерінде тәрбие жұмыстары күшейеді.
sputniknews.kz