Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады
Қысқа сілтеме алу
Пірматов мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.
sputniknews.kz