Коронавирус көз арқылы жұға ма – денсаулық министрі жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елжан Біртанов қазақстандықтарға санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, қолды жуып жүруге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Коронавирус көз арқылы тарала ма деп сұрайды. Расында, барлығымыз санитарлық нормаларды жақсы білеміз. Соны сақтауымыз қажет. Себебі кір қолымызды көзге тигізсек, басқа да инфекция жұғуы мүмкін. Сондықтан біздің беретін кеңесіміз, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, қолды жуып жүру керек», — деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.

«Бұл нақты дерек»: дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Бұдан бөлек, халық тарапынан шетелден келетін азаматтарды жаппай бетпердемен қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар айтылып жатыр. Министрлік осы мәселені шешуге кірісті.

«Сосын осы бетперделер бәріне жете ме, жоқ па, осыны жиі сұрайды. Бізде жыл сайын 2 миллион бетперде, соның басым бөлігі медициналық ұйымдарда таратылады. Қазір біз 5 миллион бетпердеге резерв жасадық. Шетелден қосымша бетперде алу жағын пысықтап жатырмыз. Сондықтан бетперде дәрігерлерге де, санитарларға да, халыққа да жеткілікті болады», — деп атап көрсетті Біртанов.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирустың алдын алу бойынша қажетті шаралар қолға алынды. Инфекциялық стационарлар даярланып, қосымша 10 000 кереует қойылды. Барлық ауруханада қажетті дәрі-дәрмек бар. Қазіргі кезде тағы қорғану құралдарын сатып алу шаралары басталды.



sputniknews.kz