«Жағдай өзгеріп жатыр»: Назарбаев Донақовты қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

53 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев судьялар білімді, адал болуы керектігін, адамдармен жұмыс істей білуі қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Кездесу барысында Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді.

«Жоғары сот кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуі тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет», — деді Елбасы.

Өз кезегінде Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде», — деді ол.

Тағы оқыңыз: Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады

Айтуынша, арнайы конкурстық комиссия құрылған. Оған судьялармен бірге заң қауымдастығының өкілдері, HR-мамандары, тәуелсіз сарапшылар кірді.

Донақов қазір соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілігі мол екеніне сендірді.



sputniknews.kz