Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары үйінен шыға алмай қалды – видео

0

Шығыс Қазақстанда актүтек боран соғып, жергілікті тұрғындар күртік қардың салдарынан үйлерінде «қамалып» отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде үйлерді шатырына дейін қар басып қалды.

29 қаңтарға қараған түні жауған қар мен боран жағдайды одан сайын ушықтырды, деп жазды Yk-news.kz.

Кеше күндіз Шемонаиха ауданы орталығының тұрғыны жергілікті халықтың қар мен боранның салдарынан қандай жағдайда қалғаны туралы видео жариялады.

«Міне, осылай өмір сүріп жатырмыз: үйді жауып қалды, не шатыр, не жол көрінбейді», — деген автор енді көшеге қалай шығарын білмей тұрғанын айтады.

Әйел сонымен қатар қатты желдің басылатын түрі байқалмайтынын атап өткен.

28 қаңтар күні кешке қарай ауа-райының нашарлауына байланысты Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы трассасы мен аймақтағы тағы бірнеше жол жабылды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда екі жұмысшы омбы қардың арасынан табылды – видео 

29 қаңтарда түстен кейін мұнда тағы қар жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 4-9 метрге жетеді.



sputniknews.kz