Синоптиктер ескертеді — алдағы күндері үскірік аяз болады
Қысқа сілтеме алу
Оралдан суық антициклонның ығысуына байланысты Қазақстанда қар мен бұрқасын тоқтайды, бірақ кейбір өңірлерде қатты аяз болады
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығына ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда қар мен бұрқасын тоқтайды. Себебі Оралдан суық антициклон ығысады. Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән қатты аяздар болады.
«Солтүстік, орталық және шығыста түнгі аяз минус 25…30°С, кей жерлерде минус 35°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде минус 5…10°С, кей жерлерде минус 13…22°С аязға дейін суытады. Ал батыста жылы атмосфералық фронттар ығыса бастайды. Жаңбыр мен жылбысқы қар болады. Ауа температурасы күрт жоғарылайды», — дейді мамандар.
Ірі қалалардағы ауа райы
30-31 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты болады. Ал 1 ақпанда ашылады. Түнде ауа температурасы -23-26 градус аралығында. Күндіз -15-19 градус аяз.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасының көрсеткіші -9 градустан төмен түспейді. Күндіз -7 градус, 1 ақпанда +1 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте 30 қаңтар -1 ақпан күндері күн ашық болады. Түнде – 3-9, ал күндіз +10 градусқа дейін жылынады.
sputniknews.kz