29 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

29 қаңтарда тұман және бұрқасынға байланысты республиканың бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ертең бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, қатты жел соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, 29 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Нұр-Сұлтанда түнде қар жауып, бұрқасындатады, желдің екпіні – 15-18 м/с.

Қызылорда облысының кейбір аймағында түнде және таңертең – тұман және көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Тағы оқыңыз: Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы

Өскемен қаласында түнде бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с дейін барады.

Семейде түнде бұрқасындатады, қатты жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады.

Маңғыстау облысының кейбір аймағында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.



sputniknews.kz