төлем жүйесін дамыту бағдарламасы қазан айына дейін жасалады

0

Қазақстанның Ұлттық банкі қаржы нарығын ретттеу мен дамыту агенттігімен бірге 1 қазанға дейін ұлттық төлем жүйесі бағдарламасын жасайтынын хабарлады.

2019 жылы қаржы министрлігі «салықтан жалтаратын кәсіпкерлерді анықтау мақсатында» қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеретінін мәлімдеген.

28 қаңтарда өткен үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қолма-қол есеп айырусыз төлем үлесін арттырумен қатар көлеңкелі экономикамен күрес те «басым бағыттардың бірі» деп атаған. Оның сөзінше, алдағы уақытта жасалатын ұлттық төлем жүйесі мүдделі тараптардың барлығына тиімді болуы тиіс.

Қаңтардың бас кезінде билік валюта айырбасы пункттеріне 1 ақпаннан бастап клиенттерді идентификациялауды міндеттейтін жаңа талап қойылатынын жариялаған.

Azattyq