Нұр-Сұлтанда Қытайдан келген 17 жасар қыз ауруханаға түсті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Ауруханаға жатқызылған қыздың дене қызуы көтерілген, басқа белгілер жоқ. Бейжіңнен ол жақында ғана келген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың арасында Нұр-Сұлтан ауруханасына жеткізілген он жеті жасар қыз бар. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елорда әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Бүгін Бейжіңнен ұшақ ұшып келді, 2003 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды. Оның дене қызуы көтерілген, коноравирустың клиникалық белгілері жоқ. Ол Бейжіңде ғана болған, басқа провинцияларға бармаған. Қызды толық тексеру үшін тұмау белгілеріне зерттеу жүргізіп жатырмыз», — деді Рүстемова.

Спикер қыз белсенді екенін және температурадан басқа ештеңеге шағымданбағанын атап өтті.  

Қазақстанда Қытайдан оралған азаматтарға бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Әуежайда дене қызуы өлшенеді, дәрігерлер инкубациялық кезең ішінде пациенттерге қоңырау шалып, қал-жағдайын бақылайды.

Айта кетейік, коронавирусты жұқтырған адамның тамағы ауырып, түшкіреді, жөтел қысып, ентіге бастайды, дене қызуы 37 градус және одан жоғары болады, құсып, іші өтеді.

«Егер коронавирустық инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген немесе диагнозы расталған пациентпен байланыста болсаңыз, науқаспен соңғы рет байланысқаннан бастап 14 күн ішінде денсаулығыңызды бақылауыңыз керек. Егер жоғарыда аталған белгілер 14 күн ішінде пайда болса, дереу жақын жердегі емханаға хабарласыңыз. Емханалар күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді», — деді Рүстемова.

Кешке және түнде қаланың ауруханаларына немесе жедел жәрдемге хабарласу керек.

Қытайдан елге оралып, ауруханаға түсті

Қытайдан ұшып келген төрт қазақстандық ауруханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олар вирустық инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген.

Қытайдан ұшып келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

«Осы уақытқа дейін Қытайдан 25 858 адам Қазақстанға келген. Олардың ішінде өз азаматтарымыз бен шетелдіктер бар», — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталған.

Айта кетейік, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмды.  



sputniknews.kz