Қазақстан Қытаймен арадағы шекараны неге жаппай отыр

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазақстан коронавирусқа байланысты қытайлық азаматтарға виза беру талаптарын күшейткен, ал әуежайда электронды виза рәсімдеу тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа байланысты Қытаймен арадағы шекараны жабу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, Қазақстан Қытаймен арадағы шекараны жабуды жоспарлап отырған жоқ. Ол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы қажет. Алайда коронавирусқа байланысты қытайлық азаматтарға Қазақстанның визасын беру талаптары күшейтілді.

«Қазіргі кезде біздің ҚХР-дағы елшілігіміз бен бас консулдығымыз осы елдің азаматтарына денсаулық туралы анықтама жағынан виза беру талаптарын күшейтті. Бұдан бөлек, Қытай азаматтары үшін әуежайда электронды виза рәсімдеу жұмысы тоқтатылды», — деді Нұрышев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қытаймен арадағы шекара жабылса, Қазақстан азаматтарын елге қайтару мүмкін болмайды.

«Қазіргі мәліметке сәйкес, ҚХР территориясында 1 300 Қазақстан азаматы бар. Олардың ішінде 635 турист Хайнань провинциясында жүр. Бұдан бөлек, елшілік, бас консулдық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері бар», — деп атап көрсетті Нұрышев.   

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы жабылды. Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмды. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.



sputniknews.kz