Қытайда коронавирусты 4 мыңнан астам адам жұқтырып, 100-ден астам адам өлді.

0

Қытайда коронавирус жұқпалы ауруынан өлгендер саны 106 адамға жетті, 1291 адамның жұқтырғаны анықталды. Бұл ақпаратты 28 қаңтарда Қытай билігі таратты. Денсаулық сақтау мәселесі бойынша Қытай комиссиясының хабарына қарағанда, коронавирус жұқтырғандар төрт мыңнан асқан.

Пекиннің соңғы мәліметтері қарсаңында Моңғолия, Солтүстік Корея және Қырғызстан Қытаймен шекарасын жапқанын хабарлаған. Гонконг пен Малайзия да Қытайдың Хубэй провинциясының тұрғындарын кіргізбеуге әрекет жасайтынын мәлімдеген. Коронавирус осы Хубей провинциясында пайда болған. АҚШ пен Канада да халқын Қытайға барудан тартына тұруға шақырған.

Қытай билігі вирустың таралу мүмкіндігі өсіп бара жатқанын айтады. Қытай өз ішінде топпен жүретін туристік сапарларға тыйым салды.

Коронавирусты жұқтырған адамдар Германия, Шри-Ланка,Малайзия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Таиланд, Канада, Непал, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Сингапур, Жапония, АҚШ, Франция, Австралияда кезіккен.

Қытай билігінің мәліметіне қарағанда коронавируспен ауырған алғашқы адам Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань қаласындағы теңіз тағамдары базарын аралағандардың бірі. Уханьда 11 миллионнан астам адам тұрады.

Azattyq