Ауғанстанда 83 жолаушы мінген ұшақ құлады
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/483/07/4830701.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20200127/12658081/83-zholaushy-ushak.html
Ауғанстанның шығысындағы Дех Як ауданында жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады жергілікті әкімшіліктің өкілі
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. Ауғанстанда Ariana Afghan Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.
Жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Газни аймағында құлады. Бұл туралы 1TV телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың ішінде 83 адам болған.
Газни губернаторының өкілі Ариф Нури әуе апаты Дех Як ауданында болғанын нақтылады. Оның айтуынша, төтенше жағдай орнына мамандар шықты, олар мән-жайды анықтайды.
sputniknews.kz