Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов сотқа дейін қамауда болады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекеттік айыптаушылар Бақауов өз қызметі мен байланыстары арқылы тергеуге қысым жасауы мүмкін дейді

ПАВЛОДАР, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу абақтысында қамауда болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Экс-әкім адвокаттарының арыз-шағымымен облыстық соттың аппеляциялық отырысы өтті. Ол жабық режимде өткізілді.

«Болат Бақауовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат беру туралы қаулы өзгеріссіз қалды, ал қорғаушылардың жеке арыз-шағымы қанағаттандырылған жоқ. Аппеляциялық қаулы жарияланған сәттен, яғни 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап заңдық күшіне енеді», — делінген сот ведомствосының баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушісінің пікірін қолдаған айыптаушы Болат Бақауовты екі айға қамауға алуды сұрады. Прокурордың пікірінше, шенеунік атқарған қызметіне байланысты куәгерлер мен қылмыстық процестің басқа қатысушыларына қысым жасай алады. Осылайша, ол істің дұрыс тергелуіне кедергі жасап, тергеу мен соттан жасырынуы да мүмкін.

Бақауов пен оның екі адвокаты бұл шешіммен келіспеді. Олар қамауға алмауды сұрап, әкімнің төрт баласы барын және денсаулығының нашарлауын алға тартты. Туыстарының кепіл ретінде миллион теңге бергені де айтылды.

Дегенмен судья Балтабай Дүмбекбаев облыс әкімін екі айға қамауға алу туралы қаулы қабылдады.



sputniknews.kz