Ескі диван сатып алған ер едам ішінен қыруар ақша тауып алды – видео
Қысқа сілтеме алу
64 жастағы ер адам дүкеннен сатып алған ескі диванның бұрынғы иелерін тауып алып, ақшаны қайтарып берді
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны ескі диванның ішінен 43 мың доллар тауып алды, деп хабарлады abcnews.
64 жастағы Говард Кирби өткен жылдың соңында комиссиялық дүкеннен ескі диванды 35 долларға сатып алды. Оны бірнеше апта пайдаланып, отыруға да, жатуға да ыңғайсыз екенін байқаған. Сол кезде Кирбидің қызы диванның қаптауын ашып көрген. Оның ішінен 43 000 доллар (қазіргі курспен 16 254 000 теңге — Sputnik) шықты. Ол ақшаны 100 және 50 долларлық купюрамен буып тастапты.
Кирби алдымен адвокатпен кеңесті. Заңгер диваннан шыққан ақшаны өзіне қалдыруға болатынын айтқан. Алайда Кирби олай жасаған дұрыс емес деп шешті. Сөйтіп, алдымен комиссиялық дүкенге хабарласқан. Сол арқылы диванның бұрынғы иелерін тауып алды.
Дүкенге келген келіншек ол диван бірнеше ай бұрын қайтыс болған атасының мүлкі екенін айтты. Осылайша, Кирби барлық ақшаны иесіне қайтарып берді.
Тағы оқыңыз: Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді
«Мен осыдай жағдайға тап болсам, не істейтінімді ылғи ойлап жүретінмін. Енді, не істейтінімді білемін. Себебі өзімді тамаша сезінемін», — дейді Кирби.
sputniknews.kz