Жезқазғанда Қазақмыстың бас директоры жараланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

102 0 0

https://sputniknews.kz/images/90/66/906651.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20200122/12596948/Zhezqazgan-Qazaqmys.html

Полицияның ақпаратына сәйкес, шабуыл жасаған адам өз-өзіне қол салған. Екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Жезқазғандағы Қазақмыс корпорациясының кәсіпорнында болған жағдай туралы айтты.

Полицияның мәліметіне сәйкес, сейсенбі,  21 қаңтар күні кешкі сағат 18:20-да «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС  бас директоры Амангелді Минигулов пен «Кәсіп қорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Минигуловтың арқасына пышақ сұғып алған. Сондай-ақ, араша түскен «Қазақмыс» корпорациясының маманы Сабыржан Тембаевтың да кеуде тұсынан жарақат салған.

Жезқазғанда Қазақмыстың бас директоры жараланды

Куәгерлердің айтуынша, бұдан соң Тәжбенов оқиға орнында өз-өзіне қол жұмсаған.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Минигулов пен Тембаев ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz