«Бала 200 сомға құлдыққа сатылады»: қырғыз халқы дүрлігіп кетті

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

22 0 0

https://sputniknews.kz/images/1023/14/10231410.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/Asia/20200121/12593949/bala-quldyq-qyrgyz.html

Lalafo сервисінің өкілі Екатерина Светачева 10-11 жастағы баланың 200 сомға сатылатыны туралы хабарламаның жарияланғанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Бішкек қаласының хабарландырулар қызметінде «10-11 жастағы бала 200 сомға сатылады» деген хабарлама жарияланды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісі.

«Буындырып, тепті»: Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген

Хабарландыру Lalafo сервисіне шықты. Осы хабарламадан кейін әлеуметтік желілерде отырған халық дүрлігіп кетті. Сервистің өкілі Екатерина Светачева 10-11 жастағы баланың 200 сомға (шамамен 1000 теңге – Sputnik Қазақстан) сатылатыны туралы хабарламаның жарияланғанын растады. Алайда оны көп ұзамай, алып тастапты. Себебі оны екінші сынып оқушысы ойнап шығарған.

«Бала бәрін ойнап істеген. Өзі кітап пен жапсырмаларды сатумен айналысады екен. Оның аккаунты бойынша барлық хабарландыруды қарасаңыз, оқушының ойнап істегенін байқауға болады. Өкінішке қарай, кімнің фотосын салғанын білмейміз. Біз оған хабарлама жаздық. Бірақ ол жауап берген жоқ», — деді Светачева.

Оның сөзіне қарағанда, осы оқиғадан кейін Lalafo-да модерация талаптары күшейтіледі. Ал Бішкек қаласының милициясы тексеріс шараларын бастағанын хабарлады.



sputniknews.kz