Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Қысқа сілтеме алу
Премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтар күні Өзбекстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаралады
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Өзбекстанның министрлер кабинеті өкілеттілігін тоқтату туралы үндеуін жаңадан сайланған Өлий Мәжілісіне жолдады, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Үндеуге премьер-министр Абдулла Арипов қол қойды. Бүгін осы құжатты алдымен заң шығарушы палатаның алдында, одан кейін сенаттың алдында оқып берді. Екі палата да үкіметтің отставкасын қабылдады.
Үкімет басшысының кандидатурасы бүгін, 21 қаңтарда екі палатаның бірлескен отырысында қаралып, бекітілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін жоғары палата мүшелері Өлий Мәжілісіні Сенатының төрағасы қызметіне Танзила Нарбаеваны сайлаған болатын. Осыған орай, кеше ел президенті Шавката Мирзиёевтің қатысуымен отырыс өткен.
Тағы оқыңыз: Ресей үкіметі отставкаға кетті
Отырыстың қорытындысы бойынша халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар мен туризм, бюджет және экономикалық реформалар сынды мәселелер жөніндегі бірнеше комитет құрылды.
Бұдан бөлек, этика мәселелері бойынша арнайы комиссия жұмыс істейтін болады.
sputniknews.kz