Су өмірдің нәрі, судың қасиеті, суды қорғау, су туралы ашық сабақ

0

Тақырыбы: Су — өмірдің нәрі
Білім саласы: Таным. Экология негіздері.
Мақсаты: Балаларға су және оның маңызы туралы түсінік беру;
«Су – тіршілік көзі» екенін, оның пайдасы, қасиеттері, маңызы туралы білімдерін кеңейту;
Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру;
Көрнекіліктер: слайд; тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын стақан, сүт, шекер, коктейль түтігі.
Алдын — ала жұмыс:
Қандай суды ішуге болмайды?
Қандай суды ішуге болады?
Әдіс — тәсілдер:
1. Су тақырыбына әңгімелесу.
2. Судың қасиетін анықтау, тәжірибе жұмыстары
3. Су туралы тақпақтар, ырым, тиым сөздер.
Билингвальді компонент: Жаңбыр — дождь — rain. Су — вода — water.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Добрый утро всем нам,
Добрый утро всем гостям.
Good morning, good morning,
Good morning to you.
Good morning, good morning,(Қонақтармен үш тілде амандасу)

Қайырлы таң балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін. Орындарына отырғызу.
— Бәрекелді балалар, ендеше сендер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізгілерің келе ме?
— Ия.
Құрметті балалар, қош келдіңдер зертханаға. Бүгінгі сабағымыз біздің ерекше болайын деп тұр, өйткені сіздермен бүгін зерттеу, бақылау жұмыстарын
өткіземіз. Біз зертеу жұмысын бастамай тұрып мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуін тапсаңыздар, біз соған байланысты тәжірибе жасаймыз.

Жұмбақ:
Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді. (Су)
Тәрбиеші: Тыйым сөз, мақал – мәтел, жұмбақтар білесіңдер ме?

Жұмбақ шешу
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Санамасаң – қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)

Тыйым сөз.
Ыдыстағы суға аузыңды батыруға болмайды.
Су туралы тағы не білесіңдер?

Мақал – мәтелдер:
1. Сусыз өмір жоқ.
2. Судың да сұрауы бар.
— Су сөйлей алама? (Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құяды)
— Судың қандай қасиеті бар (су жылғадан ағады, мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, ауаға бу болып ұшады.
— Судың дәмі бар ма?
— Судың дәмі жоқ.
— Судың иісі бар ма?
— Судың иісі жоқ
— Судың түсі жоқ, ол мөлдір.
— Балалар су туралы көп біледі екенсіңдер, енді біз қазір сендермен сол су арқылы тәжірибе жасаймыз.
— Ендеше зертхана орталығына барайық.(зертхана орталығына барамыз)
— Құрметті балалар, біздің зертхана орталығымызға қош келдіңіздер! Мен зертхана жұмысшысы боламын, менің зертханама сендер сияқты көптеген балалар келеді, сендер ненің сырын білгілерің келеді.
Балалардың жауабы.

1 — тәжірибе: «Су мөлдір»
Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді).
2 — тәжірибе: «Суда дәм жоқ»
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Су дәмсіз.
3 — тәжірибе: «Судың иісі жоқ»
Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді.
4 — тәжірибе: «Мұз — қатты су»
Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайды.
Шешім: мұз, қар — бұл да су.
5 — тәжірибе: «Су сұйық — сондықтан ағады»
Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей — шашпай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық.
Егер ол сұйық болмаса өзендерден, краннан аға алмас еді.
6 — тәжірибе: «Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді»
Суы бар екі стақан алып біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреді.
Құм еріді ме?
Екінші стақанға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стақандағы еріді?
Біз қантты шайға күнделікті қосамыз, егер ол суда ерімесе онда адамдар тәтті шай ішпес еді.
7 — тәжірибе: «Су сіңгіш»
Топырақ салынған ыдысқа графиндегі суды құямын.
Су сіңді ме? Құмға және топыраққа су жақсы сіңеді.
(тәжірибе соңында сулы майлықпен қолымызды сүртеміз).

Тәрбиеші:
— Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік, сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері бар?
Балалардың жауабы:
Тәрбиеші: Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға ұшады да, бұлтқа айналады.
Жаңбыр судан пайда болады екен. Ендеше «жаңбыр, су» сөздерін үш тілде қайталап жіберейікші.
Жаңбыр — дождь — rain.
Су — вода — water.
Балалар сөздерді үш тілде қайталайды.
— Бәрекелді жарайсыңдар, балаларым!

Тәрбиеші: Балалар айналаға қараңдаршы күн түнеріп тұрған сияқты ғой, назар аударыңдаршы мыналар нелер?
Балалар тамшылар мен бұлтты көреді.

Тәрбиеші:- Балалар, біздер «жаңбыр патшалығына» келіп қалыппыз ғой, мен «бұлт анасы» боламын, сендер менің «тамшыларым» болыңдар, алдымен есімізге түсіріп алайықшы жаңбыр неден түзеледі?
Балалар:
— Күн қатты ысығанда су буланады да бұлтқа айналады, бұлттан жаңбыр жауады, жаңбырдан су пайда болады. Жаңбырдың жауғанын ойын түрінде көрсетіп көрейікші.

Ойын: «Бұлт пен тамшылар»
(тәждерді балаларға кигіземін)
Ойынның шарты:
Тәрбиеші бұлт анасы болады, балалар тамшылары болады.
Бұлт анасы:
Мен бұлтқа айналдым, тамшыларым қайдасыңдар, маған жай жаңбырды көрсетіңдер.
(балалар жай жаңбырдың жауғанын саусақ арқылы көрсетеді).
Енді жаңбыр күшейе түсті.
( балалар саусақтарымен жаңбырдың күшейе түскенін көрсетеді)
Нөсер жаңбыр жауды.
(балалар нөсер жаңбырды саусақ қимылдарымен, аяқ тарсылымен көрсетеді)
Күн шығып келеді, күннің шапағында кемпірқосақ пайда болды.
(балалардың саусақ қимылы бәсеңдейді).
Бұлт анасы:
«Тамшыларым келіңдер, күн шықты»,- деп өзінің астына жинап алады да, тәждерін шешеді.
Балалар қонақтармен қоштасады.

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы
«Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі
Күлмағамбетова Ж. Ж.