Келесі жылы батыс қазақстандық 20 ауыл газдандырылады

0
26 Қараша 2018, 13:59 213 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндаған облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Газдандыру бойынша Батыс Қазақстан облысы басқа өңірлерге қарағанда республика бойынша алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жыл басында газбен қамтамасыз ету көлемі 94% құрап, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 95% жетеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет тарапынан 1 млрд 600 млн теңге бөлініп, облыста 44 ауылдық елді мекен газдандырылып отыр. Келесі жылы тағы 20 ауылдық елді мекенді газдандыру жоспарлануда», — деді Көлгінов.

Ол Батыс Қазақстанның Ақжайық, Бөкейорда, Жәнібек аудандары мен Орал қаласында газдандыру көлемі 100% құрайтынын атап өтті.

«Ағымдағы жылы 50 елді мекен таза ауызсумен қамтамасыз етілді. Өткен жылы 60 елді мекенге таза ауызсу жеткізілген болатын. Сонда екі жылдың ішінде Батыс Қазақстан облысындағы 110 ауылды елді мекен сапалы ауызсумен қамтылды», — деді облыс басшысы.

Көлгінов бұған дейін облыста Саратов – Самара айналма жолының құрылысы басталғанын және өңірде жыл соңына дейіне 900 жуық азамат мемлекеттік юағдарламалар арқылы баспаналы болатынын мәлімдеді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ