АҚШ 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін айтты
АҚШ әскерилері 8 қаңтар күнгі Иран шабуылынан 11 сарбаздың зардап шеккенін хабарлады.
«8 қаңтар күнгі Иранның әл-Асад авиабазасына шабуылы кезінде кейбір сарбаздар ми шайқалу белгілерін емдеу курсынан өтті» деді АҚШ қарулы күштер басқармасының өкілі Билл Урбан.
Тегеран 8 қаңтарда «генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін» АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Ислам революциясы корпусына қарасты «Құдс күштерінің» қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен.
8 қаңтар күнгі халыққа жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпеді» және шабуылдың салдарынан базалар «сәл бүлінді» деп мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: «Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ»