«MEDIKER» компаниясы мен ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауыты» арасында келісім шартқа қол қойылды — Қазақстан жаңалықтары

0

2016 жылғы 16 қаңтарда «MEDIKER» компаниясы мен ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауыты» арасында мемлекеттік жеке меншік серіктестік жобасын бірлесіп іске асыру туралы шартқа қол қойылды. 

«MEDIKER» компаниясы мен ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауыты» арасында келісім шартқа қол қойылды

Бұл республикалық деңгейде жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-нің алғашқы жобасы, Атырау МӨЗ-нің квазимемлекеттік секторы мемлекеттік серіктес ретінде әрекет етеді. Бұл жобаның басты артықшылығы — мемлекет тарапынан қолдау шаралары мен мемлекеттік бюджеттен төлемдер болмаған кезде оның инвестициялық сипаты.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және денсаулық сақтау министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және «Атамекен» ҰАК-ның қолдауымен мүмкіншілігіне ие болды.
«MEDIKER» Компаниясы 20 жыл бойы кәсіби түрде медициналық қызметпен айналысып келеді, ерікті медициналық сақтандыру, ТМККК аясында медициналық қызметтер көрсетеді және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖМК) жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады. 

Өзінің жетістіктері үшін Компания «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» ретінде Іскер-2015 сыйлығын алды; 2017 жылы аталмыш номинацияда Компания «Алтын Сапа 2017» сыйлығын алды. Сонымен қатар, «MEDIKER» «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ресми серіктестігі болып табылады. 

Бүгін «MEDIKER» мемлекет және қоғам үшін өзін сенімді серіктес болып табылады. Компания Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға инвестициялайды, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, медициналық инфрақұрылым құрады, ұлттық компаниялармен бірлескен жобаларды, Атырау қаласында МЖӘ жобаларын – №2 қалалық емхананы сенімді басқаруды, Шымкент қаласында жеке қаржылық бастаманың тетігі бойынша жаңа медициналық орталық құруды жүзеге асырады.

Жеке бастама аясында «MEDIKER» компаниясы 2020 жылдан бастап кешенді медициналық қызмет көрсету негізінде МЖӘ шеңберінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі АМӨЗ) қызметкерлері үшін бірлескен ұзақ мерзімді әлеуметтік жобаны іске асыруды ұсынды.

Жоба негізінде ТМККК, МӘМС және ЕМС шеңберінде медициналық қызмет көрсетуде кешенді тәсіл негізінде зауыт қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету, бірыңғай өнім берушінің алдын алу және ауысым алдындағы тексерулері негізінде. Бұл медициналық көмектің әртүрлі түрлерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, барынша толық және жан-жақты қызмет көрсетуге алып келеді, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырады. 

Жоба шеңберінде кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық инфрақұрылым құрылатын болады; АМӨЗ Денсаулық сақтау пункті жаңғыртылады және медициналық кадрлардың жоғары біліктілігін қолдау бойынша шаралар қабылданады, медициналық қызмет көрсетудің жеделдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе қалыптастырылады.

Жобаны іске асыру кезінде медициналық көмектің барлық түрлерін, сондай-ақ стоматологиялық қызметтер мен оңалту-қалпына келтіру емін алу, компанияның медициналық орталықтары, дәріханалық ұйымдар және «MEDIKER» МК кіретін стоматологиялық клиникалардың қазіргі заманғы желісі базасында дәріханалық қызметтер алу мүмкіндігі артықшылық болып табылады.

Кешенді тәсілді енгізу АМӨЗ қызметкерлерінің денсаулығын жақсартады, өндірістегі жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Диагностика мен емдеудің жаңа әдістеріне қол жетімділікті арттыру, инновациялық технологияларды енгізу есебінен созылмалы аурулар мен мүгедектіктің деңгейі төмендетілетін болады. Бұл еңбек ету қабілетінен айрылуына байланысты шығындарды қысқартуға, жұмыс беруші үшін және жалпы қоғам үшін еңбек өнімділігін және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
 
 

stan.kz