Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен, ал Lada көлігінің салонында қауіпсіздік жастығы іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтар күні түстен кейін Ақтау қаласының орталығында жаяу жүргіншілер жолында ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлады «Лада».

Оқиға 11-шағын ауданда, «Заман» сауда үйіне қарама-қарсы жерде болды. 1968 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жаяу жүргінші қағып кеткен көліктің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды, автокөлік айып тұрағына жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті — видео 

Жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қаққан сәт қарсы келе жатқан көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған. Видеодан Lada маркалы көліктің жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткені көрінеді.

Жүргізуші «зебраның» алдында көліктер тоқтап тұрғандықтан ер адамды байқамай, бар жылдамдықпен қағып өткен. Қатты соққыдан жаяу жүргінші ұшып түскен, ал Lada салонында қауіпсіздік жастығы іске қосылды.



sputniknews.kz