Белгілі журналист үлкендерше киініп тойда ән айтатын қыз баланың ата-анасына шүйлікті — новости Казахстана

0

Елімізге белгілі журналист Мөлдір Жанбаева кішкентай бүлдіршіндерге тойда ән айтқызып, балалығын ұрлап жүрген ата-аналарға ренішін білдірді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналист қазіргі таңда балаларға шабыт беретін үш-ақ мамандық қалғанын, олар әншілік, актерлік пен асабалық қана екенін айтты.

Сондай-ақ, Мөлдір Жанбаева қазіргі уақытта әлеуметтік желіні шулатып жүрген Инабат есімді кішкентай қызға жаны ашитынын жеткізді. Ол баланың еңбегін пайдаланып жүрген ата-анасына да өкпесін білдірді.

«Осы Инабат деген қызды біраздан инстаграмнан көріп, жүрегім ауырып жүр еді. Туыстары балалығын ұрлап, ақша табу жолында пайдаланып жүр. Өзі сүп-сүйкімді. Бірақ, үлкендерше киіндіріп, бояндырып, кекілін қиып, қимыл — қозғалысты үйретіп қойған. Не деген сұмдық?!

Ертең бойжеткенде нағыз «ха-ха», «хе-хе»-сі көп, ырбыңдаған кыздар осыдан шығады. Сағат 21:00, 22:00-ден кейін ұйықтаудың орнына той тойлап жүр. Осындай балалардың әке — шешелері жұмыс істемейді де, Құдай біледі! Баласына өзгелердің тамсанғанына, қолына ақша ұстатып жүргеніне намыстанбай ма? Өздері тегін тамақ ішіп отыратындарына мәз шығар», — деп жазған Жанбаева.

Сондай-ақ, тілші баланың дарыны болса, тойға емес, конкурстарға қатыстыру керек екенін, ал қазақ бүлдіршіндерінің білім, ғылымға қарағанда той-томалаққа жақын екенін де жасырмады.

Сонымен қатар журналист тойда ән салатын кішкентай балаларға неге тыйым салынбайтынын да сұрады.

«Мына Инабат деген қызға қатысты айтайын дегенім, балалардың құқығын қорғау орындары бар болса, неге тыйым салмайды екен? Балабақша, мектебінен қадағалау болу керек қой. Осыны көреді де, басқа балалар да шығады бір күні. Балапандардың өнер көрсеткені маған да ұнайды, үлкен сахналарға шықсын, жасына сай ән жаздырсын (той әндері емес) . Туған — туыстың арасында айтсын, ал мынадай ақша табу жолында емес», — деп ойын түйіндеді ол.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар