19, 20 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде аздаған қар жауып, бұрқасындатады, екпінді жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, шоқындыру мерекесінде қатты аяз болмайды. Шоқындыру мерекесі 19 қаңтар, жексенбіге түсіп тұр.

Атлантика аудандарынан арктикалық жағалау арқылы жылу мен ылғал қоры мол циклондар бірінен кейін бірі ығысады. Бұл Қазақстанға арктикалық суықтың енуін қиындатады.

Нұр-Сұлтанда жауын-шашын күтілмейді, 19 қаңтарда түнде -7-12℃, күндіз -3-8℃. 20 қаңтарда түнде -13-18℃, күндіз 7-12℃ аяз.

«Алдағы бірнеше тәулікте республикадағы ауа райына әсер ететін синоптикалық процестерде қандай да бір елеулі өзгерістер болмайды. Сол себепті Қазақстанда шоқындыру мерекесінде қатты аяз болжанып отырған жоқ», — деді Sputnik Қазақстанға Қазгидрометтен.

19-20 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда атмосфералық ағымдардың әсерінен кей жерлерде аздаған қар жауып, бұрқасындатады, батыстан және солтүстік-батыстан екпінді жел соғады.

Ауа температурасы түнде -10-18℃, күндіз -5-10℃ аяз.

Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Шоқындыру мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма: имам жауап берді

Батыста түнде -2-10℃ суық, күндіз -4℃ суық және +2℃ жылы.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -8-15℃, күндіз -5℃ суық және +2℃ жылы болады деп болжанып отыр. Ал орталық өңірлерде түнде -8-15℃, күндіз -5-10℃ аяз.



sputniknews.kz