Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қайғылы оқиға 13 қаңтар күні болған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысы Бел теміржол станциясында «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы екі ер адамды басып кетті, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 13 қаңтары күні Жамбыл облысында болды.

«Бел теміржол станциясында «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы екі жұмысшыны басып кетті. Олар оқиға орнында қаза тапты», — делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Шу теміржол станциясындағы полицияның жедел тергеу тобы шұғыл жеткен.

«Қаза тапқан адамдардың кім екені анықталды. Олар – 33 және 44 жастағы теміржол компаниясының бірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар. Бұл факт ҚР қылмыстық кодексі 344 бабы 3-тармағы (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаметінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Екі жұмысшының өліміне байланысты полиция тергеуді бастады», — делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады

Тәртіп сақшылары адамдарға теміржолдан өткен кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ көліктегі полиция департаменті теміржолдан жаяу және машинамен өткен кезде арнайы орындар арқылы өту қажеттігі және теміржолдың маңайында баланы қараусыз қалдырмау керектігі туралы қатаң ескертті.



sputniknews.kz