12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

0

Ертең жауын-шашын, тұман және көктайғаққа байланысты республиканың үш облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. 12 қаңтарда республиканың басым аумағында қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, ертең атмосфералық ағымдардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Дабылды ескерту

Түркістан облысында тауда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Қызылорда облысының кейбір аймағында тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Өңірлердегі ауа райы

Атырау, Жамбыл облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Атырау облысында күндіз бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында – тұман, бұрқасын, қатты жел.

Тағы оқыңыз: Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Түркістан, Маңғыстау облыстарында да кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде – тұман.

Қызылорда облысында тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтілуде.

Мегаполистерде ауа райы қандай

  • Нұр-Сұлтанда ауа райы көшпелі бұлт шығады. Түнде -17℃, күндіз -12℃.
  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде -2℃, күндіз +3℃.
  • Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, түнде -2℃, күндіз +1℃.



sputniknews.kz