Оманды 50 жыл басқарған Кабус бин Саид қайтыс болды

0

Оман басшысы Кабус бин Саид 79 жасында қайтыс болды. Ол соңғы кездері көп ауырған, монарх артында мұрагер қалдырмады деп хабарлады Reuters агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, Оман астанасы Маскат көшелеріне бронды техника шығарылған. Әскерилер мұрагерді таңдау үшін басқару кеңесіне шақырған. Басқару кеңесінің шұғыл отырысында Саидтың немере інісі, бұрынғы мәдениет министрі Хайтем бин Тарик әл Саид жаңа монарх ретінде тағайындалған.

Әл Саид әулеті Оманды 1746 жылдан бері басқарады. Парсылардан азат етілгеннен кейін әулет басшысы сұлтанатты біріктірген.

Кабус бин Саид әл Саид 1940 жылы қараша айында туған. Ұлыбританияның корольдік әскери академиясын бітірген. Британ жаяу әскерінде қызмет еткен.

1970 жылы сарай төңкерісінен кейін билікке келген. Сұлтан Оманда ірі реформалар жасаған. Алайда құқық қорғаушылар монархты сөз бостандығын тұншықтырып, билікке қарсы шыққандарды түрмеге қамады деп сынаған.

65 жастағы Хайтем бин Тарик әл Саид Оксфорд және Кембридж университетін бітірген. Оманның футбол қауымдастығын басқарған.

Azattyq