жәндіктер туралы ұйымдастырылған оқу қызметі

0

№ 2 Аманқарағай орта мектебі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті

Білім беру саласы: Таным. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жәндіктер»
Мақсаты: Жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Олардың сыртқы құрылысы ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны бейімделуі туралы балалардың білімдерін жүйелеу.
Сөздік жұмыс: жәндік, көбелек, ара, шыбын, инелік, қанқызы, қоңыз, құмырсқа, құрт, ұлу, өрмекші.
Билингвалдық компонент: көбелек — бабочка, ара — пчела, шыбын — муха, инелік — стрекоза, қанқызы — божья коровка, қоңыз — жук, құмырсқа — муравей, құрт — гусеница, ұлу — улитка — өрмекші — паук.
Кіріспе бөлімі
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдер киеді.
— Ал шөптің арасында нелер пайда болады?
— Гүлдерге нелер қонады?
— Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Негізгі бөлімі
Слайд көрсетеді.
Жәндіктердің суретін көрсетіп, жеке — жеке айтқызады.
— Мынау не?
— Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
— Олар иісті сезе ме?
— Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
— Ең мазасыз жәндікті кім біледі?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не?
— Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не?
— Қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не?
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды
— Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
— Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
— Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)
— Қалай ойлайсыңдар, жәндіктер не үшін керек?
Сергіту сәті
Сөздік: көбелек — бабочка, ара — пчела, шыбын — муха, инелік — стрекоза, қанқызы — божья коровка, қоңыз — жук, құмырсқа — муравей, құрт — гусеница, ұлу — улитка — өрмекші — паук.

Көзге арналған жаттығу: Көбелектің сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға, солға ұшады.
Д. о. «Не жоқ?»
Жетекші — жөндеуші
ҰОҚ қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Жәндіктер туралы
Түсінеді: Жәндіктердің сыртқы құрылысы ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны бейімделуі туралы
Қолданады: Сұрақтарға жауап береді