Қазақстан көшбасшыларының бағасы қанша — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан президентінің жұмысын басқару бөлімі мен оның бөлімшелерінде 3 мыңнан астам адам қызмет етеді, ал бұл құрылымның жылдық бюджеті 87 миллиард теңге немесе 224 миллион доллардан асады (1 долларға 390 теңге курсы бойынша), деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Cabar Asia порталына сілтеме жасап.

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

Бұл сома салыстырмалы түрде мемлекетіміздегі «азаматтардың  заңды мүдделерін, бостандығын, құқығын қорғауға» кететін қаражаттан бір жарым есе көп. 

Қазақстан президентінің жұмысын басқару бөлімі мемлекет басшысының қызметі үшін жауап береді, Елбасы- дәрежесі заңды түрде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына бекітілген, еліміздің премьер-министрі мен мемлекеттік қызметтегі адамдарымен, егер республикамыздың бюджетіне бұл қаншалықты салмақ түсіретіні жайлы ақпаратты ресми сайттан таба алмаймыз.  

2019 жылдың республикалық бюджетінен жалпы қанша шығын кеткенін елестетіп көруге болады (22.10.2019 № 266-VI редакциясы бойынша). 

Айтып тұрғанымыз — 87,4 миллиард теңге-бұл 224 миллион АҚШ доллары.
Ақорда сайты

Салыстырмалы түрде, Қазақстанның Жоғарғы соты 54 миллиард теңге, яғни доллармен 138,4 миллион, «азаматтардың  заңды мүдделерін, бостандығын, құқығын қорғау» үшін жұмсайды.
 

Ақорда сайты

Президенттің ісін басқару бөлімі 2019 жылы 87,4 миллиард теңгені қайда жұмсады?

Мемлекет басышсының ісін басқару бөлімінің ең үлкені- президенттің әкімшілік ғимараттары мен үкімет, онда 1790 адам қызмет етеді. Ресми деректерге сүйенсек, дирекцияның қызмет аумағы 370 561 кв. м., құрайды, ол 50 футбол алаңымен тең: бұл дегеніміз президенттің резиденциясы Ақорда, үкімет Үйі, министрлер Үйі (еліміздегі ең үлкен кеңселі ғимарат), қаржы Министрлігі, тұңғыш президент Мұражайы, Орталық сайлау комиссиясының әкімшілік ғимараты.
Дирекцияның бюджеті жайлы ақпаратқа қол жеткізу қиын, бірақ жылдық шығын жайлы жыл сайын gosreestr.kz. сайтында жарияланатын көрсеткіш арқылы пайысдауға болады. 2018 жылғы деректер бойынша, сөз 9,3 миллиард теңге, яғни 23,8 миллион АҚШ доллары жайлы болмақ. 2019 жылғы деректер келесі жылдың ортасында пайда болады, алайда бұл сома дирекцияның шығындары жайлы көп нәрсені айта алады.

Және тағы бірнеше дирекция. Дирекция мемлекеттік резиденциялардың, президенттің және оның отбасы мүшелерінің және өзге де заңмен бекітілген тұлғаларды материалды-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуі үшін жауап береді. 2018 жылғы дирекцияның штатын 439 адам құрады, шығын шамамен-7 миллиард теңге-17,9 миллион АҚШ доллары. 

Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттардың дирекциясының бюджеті шамамен 1 миллиард теңге- 2,5 миллион АҚШ доллары. Штатта 114-ке жуық адам қызмет етеді. Ал тілге тиек болған мәселе — оңтүстік астанадағы Назарбаев, 205 көшесіндегі бір ғана ғимараттың қызметі.

Оған қоса, gosreestr.kz. сайтының деректері бойынша, президент ісінің басқармасына 337 нысан тіркелген. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтандағы  үйлер мен пәтерлер, сонымен қатар жер телімдері де аталмыш нысандар қатарында.

Мысалы, 2014 жылы президент ісін басқару бөлімі Момышұлы көшесінде орналасқан ауданы 15,7 мың кв.м., құрайтын, 90 пәтері бар он екі қабатты үйді сатып алды.

Сонымен қатар, Достық көшесінде орналасқан екі ғимаратта-41 пәтер, А-98- 15 пәтер, Тілендиев көшесінде-15 пәтер, Жирентаев көшесінде-13 пәтер, Әзірбеав көшесінде-9 пәтер, және Омаров көшесінде-6 пәтер. Нұр-Сұлтан қаласындағы басқа мекен-жайлар бойынша- 38 пәтер.      

Президент ісін басқару бөлімінің истеблишментінің «жазғы демалысы» үшін «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Алатау қонақ үйі» Акционерлік қоғам жауап береді. «Бурабай даму» президент ісін басқару бөлімінің Бурабай курорт орталығындағы нысандары үшін жауапты. Компанияның атында 57 нысан тіркелген, штат 77 адамнан тұрады. 2018 жылғы шығын бөлігі жарты миллиард теңгені құрайды: шетел валютасымен 1,2 миллион АҚШ доллары.   

Президент ісін басқару бөлімінің сайтында АҚ « Алатау қонақ үйі» өзінің миссиясын былай баяндайды:

«Алатау қонақ үйі» миссиясы Түркия Республикасындағы Анталья қаласында орналасқан Бельдиби ауылындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары мен басқа мемлкет тұрғындарына демалыс ұйымдастыру қызметін көрсетіп, қонақ үйдің рекреациясына жауапты. Туристердің тамақтануы «бәрі қосылған» жүйесі бойынша іске асады. Қонақ үйде негізгі мейрамханадан басқа, бес мейрамхана бар «a’la сarte»- француз және итальян мейрамханасы, балық, түрік мейрамханасы, және гриль мейрамханасы. Қазіргі таңда «Алатау» қонақ үйі жыл сайын бес жұлдыз дәрежесін дәлелдеп, қонақтарға толыққанды демалысты қамтамасыз етеді. Соның өзінде «Отель Алатау» АҚ штатында бар болғаны 6 адам, ал шығын бөлігі жарты миллиард теңгеден жоғары-1,2 миллион АҚШ долларын құрайды. Қаржыландыру көзі ретінде республикалық бюджет көрсетілген.

Президент істері басқару бөлімінің тағы бір үлкен шығыны- мемлекеттік «Бүркіт» авиакомпаниясы, штатта 200 адам жұмыс атқарады. «Шұғыл ұшулар» үшін шамамен қанша шығын кететінін соңғы аудиторлық есептер бойынша ғана түсінуге болады. 2018 жылы «Бүркіт» компаниясына тексеріс жүргізген «АР-АУДИТ» ЖШС, авиакомпания президент істерін басқару бөлімі үшін 8,6 миллиард теңге жұмсаған (22 миллион АҚШ доллары).

2019 жылы бұл сандар әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі «Бүркіт» қазіргі президентпен қатар, «тұңғыш президент- Елбасы» дәрежесінің иегері  Нұрсұлтан Назарбаевтың да ұшуын қамтамасыз етеді. 

«ҚР ПІБ АВТОШАРУАШЫЛЫҒЫ» РМК-СЫ шығыны жылына 3 миллиард теңгені құрайды (7,7 миллион АҚШ доллары), штатта 400 адам. 

«Қазіргі таңда өндіріс тәулік бойы диспетчерлік қызметпен және бизнес, эконом классындағы Mercedes, BMW, Toyota, Nissan жеңіл көліктерімен, Kia optima маркалы кезекші көліктермен, сонымен қатар мемлекеттік нөмірлі 11-45 адам сиятындай микроавтобустармен және автобустармен қамтамасыз етіледі», -деп жазылған президент ісін басқару бөлімінің сайтында.

Автотұрақта қанша көлік бар екендігі туралы ешқандай ақпарат берілмеген. Алайда өндіріс 6,2 миллиард теңгеге бағаланған (2 млн 418 мың АҚШ доллары). Сонымен қатар автокөлік паркінің жаңалануына республикалық бюджеттен 2019 жылға 1,8 миллиард теңге бөлінген (4,6 миллион АҚШ доллары).

Үлкен шығындар бойынша атап өтетіні «Инженерия-техникалық орталыққа»- шамамен 2 миллиард теңге (5,1 миллион АҚШ доллары) және ұлттық табиғи «Бурабай» саябағына- шамамен 1 миллиард теңге (2,5 миллион АҚШ доллары). «Қарлығаш» балабақшасына шамамен- 1,5 миллиард теңге (3,8 миллион АҚШ доллары).   

Медициналық орталықтың қаржыландыруын да ескерген жөн, себебі оған 2019 жылы 18,3 миллиард теңге бөлінген (50 миллион АҚШ доллары). Бұл орталыққа Нұр-Сұлтан қаласындағы 9 мекеме, Алматы, сонымен қатар Қырғызстандағы Ыстықкөлде орналасқан «Қазақстан» шипажайы кіреді. 

Президент істері басқармасының шығындары жайлы мақаланы, ашық деректерден іздену арқылы мәліметтер жинауға болады. Ақордамен және үкіметпен байланысты көптеген шығындар республикалық бюджетте бөлек бағанда тұратыны жасырын емес.   

Атап айтқанда, президент әкімшілігінің бюджеті.

-7,3 миллиард теңге (18,7 миллион АҚШ доллары),

— Премьер-министр кеңсесі- 2,5 миллиард теңге (6,4 миллион АҚШ доллары)

— Тұңғыш президент кеңсесі- 1,9 миллиард теңге (4,8 миллион АҚШ доллары)

— Мемлекеттік қорғау қызметі- 21,8 миллиард теңге (55,8 миллион АҚШ доллары)

— Мемлекеттің саяси ақпарат жүргізуі- 728 миллион теңге (1,8 миллион АҚШ доллары) т.б.

Бұл сандардың ауқымдылығын түсіну үшін, президент ісі басқармасының жылдық бюджеті 350 мың тұрғыны бар Павлодар қаласының 79,1 миллиард теңге бюджетінен әлдеқайда жоғары екенін айтамыз (доллармен 202 миллион болады). 487 мың тұрғыны бар Ақтөбе қаласының бюджеті 81,7 миллиард теңге (209 миллион АҚШ доллары), ал 218 тұрғыны бар Петропавловск қаласының бюджетін үш есе асып түседі- 27,1 миллиард теңге (69,4 миллион АҚШ доллары).
 

 
 

stan.kz